Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Ленин кенті әкімінің Ұлы Жеңіс Күнімен құттықтау сөзі

09.05.2020


Құрметті Ленин кенті тұрғындары!
Сіздерді 9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.
Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.
Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, бақ пен береке тілеймін!

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа