Нашар көретіндерге арналған нұсқа

7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күні

07.05.2020


Құрметті Ленин кенті тұрғындары!

Сіздерді 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

7 мамыр – бейбіт елдің тыныштығын қорғап, өз тағдырын ел тағдырымен байланыстырған әрбір Отан қорғаушы үшін, әрбір сарбаз үшін ерекше күн. Егемен еліміздің Қарулы күштерінің мерейін асқақтататын, Отан үшін отқа түскен ата-бабаларымыздың, болашақ ел қорғайтын асыл азаматтарымыздың мейрамы.

Кент тұрғындарын осынау мерейлі мереке – Отан қорғаушы күнімен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, елімізге береке-бірлік тілеймін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа