Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Бруцеллездің алдын алу

25.02.2020


Павлодар қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы Павлодар қаласында 2020 жылғы 17 ақпан мен 17 наурыз аралығындағы кезеңде «Бруцеллез және күйдіргінің алдын алу» атты тақырыпқа облыстық айлық өткізілуде.

Бруцеллез – адамға бруцеллезбен ауыратын ауыл шаруашылық жануарлардан берілетін, буындардың, жүйке жүйесінің, жыныс мүшелерінің зақымдануына әкелетін аса қауіпті инфекциялық аурулардың бірі.

Ауру қоздырғыштары төлді қабылдаған кезде, ауру малды сою, жіліктеу, жүнді қырқу кезінде зақымды тері арқылы, сондай-ақ ауру малдың қайнатылмаған сүтін, термиялық өңдеусіз сүт өнімдерін пайдаланылған кезде адам ағзасына енеді.

Адамда ауру зақымданудан соң 1-4 аптадан кейін білінеді,  шаршағандық, тәбеттің төмендеуі, бас ауруы, дене қызуының көтерілуі, түнгі уақытта терлегіштік, ұйқының бұзылуы пайда болады.

Тұтынушылардың назарын бруцеллезді алдын алу шараларына аударамыз:

  1. Мал басын жүйелі түрде бруцеллезге тексеру, вакциналауды жүргізу қажет;
  2. Ауру мал анықталған жағдайда оны оқшаулату және оған күтім жасау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажет;
  3. Тағамға нашар пісірілген, қуырылған етті, шикі сүтті, ашуы жетпеген ірімшікті немесе сүзбе ірімшікті қолданбау;
  4. Етті немесе сүтті сатып алған кезде сапасы мен қауіпсіздігін куәландыратын құжатты талап ету қажет.

Бруцеллезді алдын алуда жеке гигиена ережелерін сақтау үлкен рөл атқарады. Жоғарыда аталған қарапайым ережелерді сақтаған кезде Сіз өзіңізді тек бруцеллезден ғана емес, басқа да үй жануарларынан берілетін аурулардан сақтай аласыз.

Бруцеллез – мүгедектікке әкелетін ауыр дерт. Сондықтан әрбір адам дәрігерге уақытылы жүгіну, оның тағайындалуын және кеңестерін орындау жазылуды қамтамасыз ететінін ескеру қажет.

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа