Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Кентішілік жолдар қардан тазалануда

25.01.2020


Қыс мезгілі басталғалы бері мердігер «Серке» жеке кәсіпкерлігімен кентішілік жолдарды қардан тазалау жұмыстары күнделікті жүргізілуде.

Осы аптадағы бұрқасынды боран мен қардың көптеп жаууына байланысты жолдарды қардан тазалау жұмыстары күшейтілген түрде жүргізілуде.

Аталмыш жұмыстарға 4 бірлік техника жұмылдырылған – 3 тиегіш арнайы техника және 1 камаз. Орташа есеппен 1 күнде 6 көше жолдары қардан тазалануда.

Тұрғын үйге тиесілі аумаққа ортақ мүлікті күтіп ұстау ережесіне сәйкес үй-жайлардың меншік иелері қызмет көрсетуі тіис.


Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа