Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Қатты отынмен көмек көрсетілді

15.01.2020


Жаңа 2020 жыл кентіміздің бірқатар тұрғындары үшін жағымды жайттармен бастау алды. Павлодар қаласы және Ленин кенті әкімдіктерінің мұрындық етуімен, демеушілерді тарту арқылы әлеуметтік осал топтарына жататын, оның ішінде көп балалы және аз қамтылған 18 отбасыға, жалпы көлемі – 36 тонна көмір жеткізіліп берілді.

Кент әкімі М.Алшимбаеваның айтуынша, от жағу маусымы басталғалы бері аса мұқтаж отбасыларға жергілікті демеушілердің қолдауымен қатты отынмен көмек жүйелі түрде көрсетіліп келеді.

Көмек алған кент тұрғындары өздеріне деген ықылас үшін ризашылықтарын білдірді. Солардың бірі — Алмагүл Тасыбаева:

«Мен үшін бұл көмек тосыннан болды. Үш баланы жалғыз өзім өсіріп отырған соң, қуанып қалдым. Үйімізге жылу сыйлаған қалалық және жергілікті әкімдіктерге алғысым шексіз! Жұмыстарыңыз жемісті болсын!» — деп алғысын білдірді.


Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа