Нашар көретіндерге арналған нұсқа

23-ші қыркүйектен бастап 23-ші қазанға дейін облыста құтырудын алдын алу айлығы өтуде

25.09.2019


«Павлодар қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» 23-ші қыркүйектен бастап 23-ші қазанға дейін облыста құтырудын алдын алу айлығы өтуде. Қалада осы күнге дейін жануарлар тістеуінен шамамен 850-ден астам адам зардап шеккен, 90% үй жануарларының тістеу жағдайынан. Осыған байланысты, тұрғындарды құтыру сияқты сырқат туралы ұытпауға шақырамыз, алдын алу шараларын қадағалау және тістеген жағдайда кешіктірмей медициналық көмекке жүгіну.

Құтырма – қоздырғышы түйісу арқылы (етқоректі жануарлардың қауып алуы және сілекейін жұқтыруы арқылы) берілетін жіті зооноздық, табиғи-ошақтық, вирустық жұқпалы ауру. Бұл ауру орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен сипатталады. Клиникалық белгілері: қоздырылған күй, агрессия, су, ауа, дыбыс, жарық қоздырғыштарына жоғары сезгіштік. Ауру әрқашан өліммен аяқталады.

Құтырмамен жануарлар да, адамдар да ауырады.

Қараусыз қалған иттер, мысықтар және жабайы жануарлар құтырма таралуының негізгі көзі болып табылады.

Құтырмаға қарсы іс-шаралар: иттер мен мысықтарды ұстауды ретке келтіру, үй жануарларын кезбе және жабайы жыртқыш жануарлардан қорғау, иттерге, мысықтарға және басқа да жануарларға алдын алу вакцинасын салу.

Үй жануарлары жабайы жануарлардан зардап шеккен жағдайда ветеринарлық маманды шұғыл хабарландырған жөн.

Қауып алған жануарды өлтіруге болмайды, себебі оны ветеринар маманы құтырма ауруын анықтау үшін 10 күн бойы бақылауда ұстауы қажет.

Адам жануардан жарақат алған жағдайда жараны алғашқы тазартудан өткізген жөн: жараның бетін сабынды сумен шайып, жараның жиегін спиртпен немесе йод ерітіндісімен зарарсыздандыру. Жараның бетіне таңғыш салып, дәрігердің көмегіне жүгіну керек.

Медициналық мекемелерде құтыру ауруының алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізіледі, алдын алу екпелерінің бағытын белгілейді және білікті хирургиялық көмек көрсетеді.

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа