Нашар көретіндерге арналған нұсқа

«Біз терроризм мен экстремизмге қарсымыз!» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

27.06.2019


Коворкинг орталығында «Біз терроризм мен экстремизмге қарсымыз!» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.  Кездесуге дін өкілдері шақырылды. Аталған іс-шара халықтың дін және конфессияаралық қарым-қатынастардағы сауаттылығын арттыру, радикалды діни ағымдарға тарту тәуекелдерінің алдын алу,дәстүрлі рухани және ұлттық құндылықтарға назар аудару мақсатында өткізілді.
Экстремизм-бұл кез келген, тіпті ең тұрақты және қолайлы қоғамды бұзуға қабілетті ерекше үлкен қауіп.
Қоғамдық ортада экстремистік және террористік көріністерге қарсы күрестің негізгі бағыттарының бірі олардың алдын алу болып табылады.
Жастар арасында осындай алдын алу жұмыстарын жүргізу ерекше маңызды, өйткені жас ұрпақ, бірқатар түрлі факторларға байланысты, әртүрлі әлеуметтік және қылмыстық топтардың теріс ықпалына бейімділік тұрғысынан неғұрлым осал болып табылады.
Жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстарын жүргізу осындай құбылыстардың салдарын жоюға қарағанда әлдеқайда тиімді.

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа