Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні

21.05.2019


21 мамырда Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні мерекеленеді. Осы күнге орай  ағымдағы жылдың 22 мамыр күні Жаяу Мұса атындағы мәдениет үйінде «21 мамыр мәдениет және өнер қызметкерлері күні» мерекесіне  арналған салтанатты шара болып өтті. Мерекелік шараны құттықтау сөзімен кент әкімі орынбасары Усаханов Даурен Сарсенбайұлы ашып берді. Кенттің мәдениеті мен өнерін дамытуда өз үлестерін қосып жүрген Мәдениет үйі ұжымына алғысымызды білдіреміз. Шара соңы кент өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.

Бұл мерекенің басты мақсаты – мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерейін асқақтату, рухани – мәдени, жасампаздық мүмкіндіктерін әрі қарай нығайту жолындағы толағай еңбектеріне құрмет көрсету.

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа