Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Сібір жарасын алдын алу

14.05.2019


Сібір жарасын алдын алу

            Павлодар қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ағымдағы жылдың 29 сәуірі мен 29 мамыры аралығында Павлодар облысының аумағында «Сібір жарасын алдын алу»айлығы өткізілетінін хабарлайды. Аталған іс-шара санитарлық-ағарту жұмыстарын күшейтуге, сондай-ақ халық арасында тұтынушылық сауаттылықты арттыруға бағытталған.        

            Сібір жарасы-ағзаның ауыр улануымен, лимфа түйіндерінің зақымдануымен сипатталатын жіті жұқпалы ауру. Тері, сирек ішек, өкпе және септикалық түрінде өтеді.

Инфекция көзі — жылқылар, түйелер, ірі және ұсақ мал. Инфекция қоздырғышының резервуары топырақ болып табылады. Топырақта күйдіргі микробтары онжылдықтар бойы (100 жылға дейін) сақталады.

Сібір жарасы — бекітілмеген мал көмінділеріне жақын аумақтарда жануарларды бағу аса қауіпті, сондай-ақ мал өліп, жануарлардың өлекселерін рұқсатсыз көму орын алған жайылымдарда.Сібір жарасымен негізінен егілмеген жануарлар ауырады.

Ауру жануарда қоздырғыш әртүрлі экскреттермен (несеппен, нәжіспен, қан кетісімен) бөлінеді, мәйіттен алынған қан сібір жарасы таяқшаларымен қаныққан, бұл жануарлардан алынатын өнімдердің жұғуына әкеп соғады. Ауру жануардан алынған шикізат (жүн, тері) және одан дайындалған заттар көп жылдар бойы қауіп төндіреді.

Адамдарға жұғуы- жанасу жолымен (жануарлардың ұшасын бөлгенде, терісін өңдегенде және т.б.) және спорамен ластанған тағамдарды жеген кезде, сондай-ақ шикізат (тері, жүн, сүйек) арқылы жүзеге асырылады. Инкубациялық кезең 2-ден 14 күнге дейін.

Сібір жарасы ауруының  себебі:

— алдын ала ветеринариялық тексерусіз ауру жануарларды аулада сою, ұшаларын бөлу, өлген жануарлардың терісін алу және өлекселерін ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтамай көму;

— ауру жануарларды күту кезінде жеке гигиена ережелерін бұзу;

— ауру малдардан алынған ет тағамдарын дайындау;

— құрылыс агротехникалық гидромелиоративтік және басқа да жер жұмыстары барысында жұқтырылған топырақпен байланыс жасау.

Сібір жарасының  жеке және қоғамдық алдын алу шаралары:

— ауыл шаруашылығы жануарларына күйдіргіге  қарсы егу жүргізу; амалсыз сойылған жағдайда ет пен ет өнімдерін сатуға тыйым салынады. Жануарлар Сібір жарасынан өлген жағдайда жануарлардың ұшасы өртелуі, ал олардан алынған тамақ өнімдері жойылуы тиіс. Ауру жануарлармен немесе адамдармен қарым-қатынаста болған адамдар 2 апта ішінде белсенді дәрігерлік бақылауға жатады.

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа