Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Жеңіс күнінің 74-жылдығы

09.05.2019


Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіс күнінің 74-жылдығын тойлау бойынша салтанатты шара биыл кенттің Даңқ Ескеркішіне өшпес полкінің шеруінен басталып, барлық ниет білдірген тұрғындар бұл Даңқ Ескерткішіне гүл шоқтарын қойып соғыста қаза тапқан қаһарман бабаларды еске алды.  Кент мекемелері, ұйымдары, кәсіпорындары және кент тұрғындары бүгін өмірден кеткен Отан үшін соғысқан және тылда еңбек еткен әке, ана, ата, әже, аға мен әпкелерінің суреттерімен шеруде қатысты. Бұл шараға Ленин кентінің әкімі Болат Төкенұлы Файзулин белсенді қатысып, жиналғандарды осы Ұлы мерекемен құттықтады.

 

Мерекелік шара тыл еңбеккерлеріне арналған дастарханмен және мерекелік концертпен жалғасты.

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа