Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Ұлы Жеңістің 74-жылдығы қарсаңында

08.05.2019


Ұлы Жеңістің 74-жылдығы қарсаңында Ленин кентінің әкімі Б.Т.Файзулин, ардагерлер кеңесінің төрайымы Ұ.А.Рахманова соғыс жылдарында еңбектеніп «Ерең еңбегі үшін» медалімен марапатталғандар — Б.Тойгулова мен Г.Землянскаяны, ҰОС-ы мүгедектерінің жесірлері Б.Кустанова мен В.Новикованы, соғыс жылдарында «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған Л.Лепкені, ҰОС-нан оралмаған жауынгердің жесірі К.Солуйчикті мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, азын-аулақ сый-сияпаттарын табыс етті.
Аталмыш шараға Павлодар қаласының «12 ай» құрылыс дүкені және жергілікті жеке кәсіпкерлер «Бақыт» (Б.Р.Ибраева) және «Ибраев» (Б.И.Ибраев) демеушілік етті.

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа