Нашар көретіндерге арналған нұсқа

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ӘРЕКЕТ ЖӨНІНДЕГІ ЖАДНАМА

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы сыбайлас жемқорлық – бұл «…мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алу» деген анықтама береді.

Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар:
— өздерiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқарғаны үшiн, егер заңдарда өзгедей көзделмесе, өзi тиiстi мiндеттердi атқармайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, көрсетiлетiн қызмет және өзге де нысандар түрiнде кез келген сыйақы қабылдау, мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның шотына келiп түскен, аталған адам бiлмейтiн ақша қаражаты, сондай-ақ оның осы тармақшаның бiрiншi абзацы бұзыла отырып, тиiстi мiндеттерiн атқаруына байланысты алған қаражаты ол анықталғаннан кейiн екi аптадан аспайтын мерзiм iшiнде тиiстi салық органына мұндай қаражат түсуiнiң мән-жайы туралы түсiнiктеме табыс етiле отырып, республикалық бюджетке аударылуға тиiс;;
— өзiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқаруына байланысты не қызметi бойынша өздерiне тәуелдi адамдардан жалпы қамқоршылығы немесе қызметінде бетімен жібергені үшін сыйлықтар алу немесе қызметiн қабылдау.

ПАРА БЕРУДІ ҰСЫНҒАН ЖАҒДАЙДА НЕМЕСЕ ПАРАНЫ ҚОРҚЫТЫП АЛУ ЖАҒДАЙЫНДА СІЗДІҢ ӘРЕКЕТІҢІЗ

— өзіңіз абайлаңыз, ізетті болыңыз, жағымпазданбаңыз, пара беруші (пара беруге мәжбүрлеуші) параны қабылдаудан бас тартуға (алуға) дайын деп түсініп қалатындай аңғырттық әңгімелер айтпаңыз.;
— ұқыпты тыңдаңыз және Сізге ұсынылған шарттарды (сома мөлшері, тауар атауыжәне қызмет сипаттамасы, параны беру мерзімі мен тәсілдері, коммерциялық сатып алу нысаны, мәселені шешу кезеңділігі) есіңізге дәл сақтаңыз;
— пара беру уақыты мен орны туралы әңгімені келесіде болатын әңгімеге ауыстыруға тырысыңыз және келесі кездесуде Сізге таныс жерде кездесуді ұсыныңыз;
— әңгіме барысында бастаманы өзіңізге алмаңыз, өзіңіз көбінесе шарттарды «қабылдауамен» жұмыс істеңіз, хабарлау үшін көбірек ақпарат алу үшін ықтимал пара алушыға (пара берушіге) «айтарын айтуға» мүмкіндік беріңіз;
— егер өзіңізбен бірге диктофон болса пара туралы немесе пара беруге (алуға) мәжбүрлеу туралы ұсынысты (жасырын түрде)  жазып алуға тырысыңыз.

ПАРАҒА НЕМЕСЕ ПАРАНЫ ҚОРҚЫТЫП АЛУҒА ҰСЫНЫС ЖАСАЛҒАННАН КЕЙІН 
СІЗГЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

  1. Осы дерек туралы жұмыс берушіге қызметтік жазба ретінде баяндаңыз.
  2. Жоспарланып отырған қылмыс туралы құқық қорғау органдарының біріне немесе оның жоғарғы органдарына ауызша немесе жазбаша өтініш білдіріңіз.

Егер ішкі істер, қауіпсіздік органдарының және өзге құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан параға немесе параны қорқытып алуға ұсыныс жасалған жағдайда Сіз өздерінің қызметкерлерімен жасалатын қылмыстарды алдын – алумен айналысатын осы органдардың өзіндік қауіпсіздік бөлімшесіне тікелей өтініш білдіре аласыз.

 

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа